• Меню
  • 8/72932/ 2-12-67
  • beineu.maslikhat@mangystau.gov.kz

Оспанов Жасұлан Көшбайұлы


     Өмірбаян

Оспанов Жасұлан Көшбайұлы 1980 жылы 23 мамырда Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ақжігіт селосында дүниеге келген. 1988 жылы осы селодағы М.Бегенов атындағы орта мектептің 1 сыныбына  қабылданып,  аталаған мектепті 1998 жылы  толықтай  бітірген.  Осы жылдың күзінде Ақтау қаласындағы Қазақ көлік  және  коммуникациялар  академиясының  1  курсына  қабылданып, аталған оқу орнының толықтай курсын  2003  жылы  бітіріп, осы оқу  орнының  «Су көлігіндегі тасымалды  ұйымдастыру  инженері»  мамандығын  алып  щықты.  2011-2013  жылдар  аралығында  Ақтау  қаласындағы  Ш.Есенов атындағы  «Каспий  мемлекеттік  технологиялар  және  инжиниринг»  университеті  оқу  орнын «Құқықтану»  мамандығы  бойынша  тәмамдады.  2013-2015 жылдары  Жәңгір хан  атындағы  Батыс Қазақстан  аграрлық  техникалық университетінде «Техника және технологиялар» мамандығы бойынша білім  алды. 

Еңбек жолын 2001 жылы  Ақтау қаласындағы «Казавтожол» РМК  жұмысшы болып бастады. 2001-2003 жылдары Бейнеу селосындағы «Берекет» ЖШС мекемесінде механик қызметін атқарды. 2004-2005 жылдары «Рсалы-Бейнеу» ЖШС мекемесінде мастер қызметін атқарды. 2006 жылы Жаңа-Өзен қаласындағы «Таң-транс» ЖШС мекемесінде машинист болып қызмет атқарды.  2007 жылдан бері әкімшілік саласында қызмет атқарып келеді, тоқтала кетер болсақ, 2007 жылы Бейнеу селосы әкімінің аппаратының коммуналдық  жұмыстар бөлімінің бастығы, осы мекемеде бас маман болып жасады. 2009 жылы Бейнеу селосы әкімінің көмекшісі,   2010 жылы Бейнеу селосы әкімінің орынбасары және 2011 жылдың  1- сәуірден Бейнеу аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль  жолдары бөлімінің бастығы қызметін атқарды. 2012 жылдың 17 қаңтарынан Бейнеу селосы әкімі болып қызмет атқарды. 2017 жылдың 7 тамызынан Бейнеу аудандық әкімінің аппаратының бас инспекторы болып қызмет атқарды. 2017 жылдың 31 тамызынан бастап Бейнеу аудандық мәслихаты аппаратының бас инспекторы болып жұмыс жасады. Сол жылдың 15 қыркүйегінен күні бүгінге дейін Бейнеу аудандық мәслихаты аппаратының басшысы.

Үйленген. 4 баланың әкесі. 

Жарияланған күні: 19 наурыз 2022

Өзге мәслихаттар

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

www.akorda.kz

Электрондық Үкіметінің Төлемдік Шлюз

epay.gov.kz

Ақпараттық-құқықтық және құқықтық анықтамалық жүйе

www.zakon.kz

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми сайты

primeminister.kz

Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алуы

goszakup.gov.kz

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

www.kyzmet.kz

Қазақстан Республикасының Үкіметі

government.kz

Қазақстан Республикасының электрондық үкіметі

www.egov.kz

Орталық атқарушы және мемлекеттік органдар

government.kz/structure/org